Выбор редакцииҒылым және техника

Елдегі ұялы телефондардың тек 10 пайызы 5G-ға қосыла алады

Қазақстанда 24 миллион ұялы абонент бар. Олардың тек 10 пайызы 5G желісін қолдана алады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов айтты.

Ұялы телефондардың 10 пайызы 5G желісіне қосыла алады. Байланыс операторлары мобильді байланыстың бесінші буынын іске қосса, бұл қызметті пайдаланатындардың саны артады деп ойлаймыз,

— дейді Ержан Мейрамов.

Ал «Kcell» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков 2023 жылдан бастап еліміздің барлық өңірінде 5G жоғары жылдамдықты интернет желісі қолжетімді болатынын және тарифтің бағасы әлі бекітілмегенін айтты.

Тіпті елді-мекендер мен ауылдық жерлерге де орнату қарастырылып жатыр. Мысалы, 2021 жылы Түркістанда желінің жылдамдығын тексеру мақсатында 5G желісінің пилоттық зонасы іске қосылып тексерілген,

— дейді ол.

Другие новости

Back to top button