Госорганы

Елдегі мұнай кеніштерін барлауға бөлінетін инвестиция екі есе азайған

Әлемдегі көміртегі саяатының өзгеруі Қазақстанға тартылатын геологиялық инвестицияның көлеміне кері әсер етіп жатыр. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысында осындай проблема көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көмірсутек шикізатын барлауға тартылатын инвестицияның екі есеге жуық төмендегені байқалып отыр. Яғни, 140 млрд теңгеден 79 млрд теңгеге дейін түскен. Бұл негізінен жалпы әлемнің көміртегі үлесін азайту саясатына көшуіне байланысты», — деді ол.

Айтуынша, саладағы инфрақұрылым мен бизнес-процестерді цифрландырудың төмен деңгейде қалуы да өзекті проблемаға айналған.

«Кадр тапшылығы, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге ғылыми ұйымдардың жеткіліксіз деңгейде қатысуы, геологиялық ақпараттың сақталу инфрақұрылымының дамымауы секілді проблемаларды жеке атауға болады. Осыған байланысты геология саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді», — деді Серікқали Брекешев.

Другие новости

Back to top button