ГлавноеГосорганы

«Елбасы» – артық сөз: Мемлекеттік күзет қызметі марапаттарының атауы өзгереді

Мәдениет министрлігі бірқатар ведомстволық наградаларға өзгерістер енгізетін президент жарлығының жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарлық жобасына сәйкес:

  • «Елбасының қауіпсіздігін ерлікпен қамтамасыз еткені үшін» медалі  «Лайықты қызметі үшін» медалі болып өзгертіледі;
  • «Елбасының қорғаны» төсбелгісі бұдан былай «ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері» деп аталады.

Бұдан басқа, ОСК-ның «Сайлау органдары жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» деп аталатын өз медалі пайда болады.

 

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт  Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

Ал бірер күн бұрын Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды.

Другие новости

Back to top button