Выбор редакцииСоциум

Ел тұрғындары 2023 жылдың қаңтарында неше күн демалады

2023 жылдың қаңтарында Қазақстан азаматтарының неше күн демалатыны белгілі болды. Жалпы келер айда сенбі және жексенбі күндерді есептегенде 11 демалыс күні бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2023 жылдың 1 қаңтары жексенбіге түсіп тұр, сол себепті демалыс күні 3 қаңтарға дейін жалғасады. 4, 5 және 6 қаңтар жұмыс күні.

Ал 7 қаңтарда елімізде православтардың Рождество мерекесі атап өтіледі.

2023 жылы ол күн сенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан, демалыс күнін басқа күнге ауыстыру қарастырылмаған.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 31 желтоқсанды қоса алғанда 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар күндері демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін тұрғындар үшін 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар демалыс болады.

Другие новости

Back to top button