Социум

Ел өңірлерінде ағаш отыны қанша тұрады

Биылғы қазан айында ағаш отынының бір текше метрінің орташа бағасы 8 858 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда отын 11,7% қымбаттады. Өңірлерде баға 6 – 16 мың теңге аралығында құбылып тұр», — делінген мәліметте.

Ағаш отыны ең қымбат өңірлер: Астана (1 текме метрі үшін 15 492 тг), Көкшетау (11 067 тг) және Өскемен (10 532 тг) қалалары.

Отынды 8-9 мың теңге шегінде Шымкент (1 текше метрі 8 000 тг), Тараз (9 099 тг), Қарағанды (8 880 тг), Жезқазған (8 485 тг) және Петропавл (8 658 тг) қалаларында сатып алуға болады.

Ең төменгі баға Орал қаласында тіркелген – 6 000 тг/м3.

Другие новости

Back to top button