Культура

«Экспертиза қорытындысы шықты»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты «ішіп алған» дегендерге жауап берді

Ұшақта төбелесіп, 15 күн қамауда отырған Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы үшін уайымдайтынын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің анасы ұлының басына түскен істің өзіне қалай әсер етіп жатқанын айтты.

“Қайраттың бар айтып жатқаны: “Мамам жыламасыншы” екен. Басымды тік ұстаймын, жыламаймын десем де, ішім өртене береді. Әлсіз екенмін. Әсіресе ұйықтар алдында, ұйқыдан тұрғаннан кейін бөлмесінің есігін ашып қарап жүрмін. Келіп қалатындай болады да тұрады. Жүрегі қалай шыдап жатыр екен деген ой миымда тұр. Алданайын деп шақырған той-жиындарға барып жүрмін. Тек аянышты көзбен қарамаса екен деп барамын. Тойға да жарқ етіп кіріп келетіндей елестеп кетеді. Мейрамханадан шығып, жылап аламын. Құдайдан күш қуат сұраймын. Абыройын түсірмесін. Тағы бір пәлеге душар етпей, аман-есен оралсыншы”, – деп жазды продюсер.

Сонымен қатар ұшақтағы оқиғаның ушығуына әншінің ішімдік ішкен деген болжамын продюсері жоққа шығарды.

“Экпертиза жасалып, қорытындысы шықты. Ешқандай ішімдік ішпеген. Досы сыртынан келіп, құлақ-шекеден ұрғанда, бұл да атып тұрып, бетінен соққан. Досының көзі көгеріп қалды. Кез келген адам өзін біреу ұрса, жауабын қайтаратын шығар?! Қайрат шыбынды да өлтірмейтін адам. Ол ешкімге өздігінен тиіспейді. Бірақ ұрған адамды талдырады. Талдырмаса да оңдырмайды. Бала кезінен сондай тәрбие бергенбіз. “Таяқ жеп келуші болма” деп үнемі айтып отыратынбыз”, – деді Гүлзира Үсенқызы.

Айта кетейік, 15 күнге қамауға алынған әнші Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын Астана қалалық соты қанағаттандырмады.

Другие новости

Back to top button