Госорганы

Экономикалық қызметтің қандай түрлері креативті индустрияға енеді

Креативті индустриядағы шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 2025 жылға қарай 80 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, креативті индустрияға енетін экономикалық қызмет түрлерінің тізімі:

— Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру қызметі;

— Зергерлік бұйымдар мен ұқсас бұйымдар өндірісі;

— Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызметі;

— Музей қызметі;

— Оқу залы, дәрісхана, демонстрациялық залдардың қызметін қоса алғанда, кітапхана қызметі;

— Концерт қызметі;

— Концерттік және театр залдарының қызметі;

— Қуыршақ театрларының қызметі;

— Театр қызметі;

— Цирк қызметі;

— Тарихи орындар мен ғимараттардың және осыған ұқсас туристік орындардың қызметі;

— Дыбыс жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызметі;

— Музыкалық аспаптарды жасау;

— Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, сәулет саласындағы қызмет;

— Мамандандырылған дизайнерлік қызмет;

— Ақпараттық агенттіктердің қызметі;

— Радиохабар тарату;

— Телевизиялық бағдарламаларды құру және тарату жөніндегі қызмет

— Фотография саласындағы қызмет;

— Әр түрлі ағаш бұйымдарын жасау;

— Басқа топтамаларға енгізілмеген шыны бұйымдарын жасау;

— Басқа топтамаларға енгізілмеген киім мен аксессуарлардың өзге де түрлерін жасау;

— Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа тоқыма бұйымдарын өндіру;

— Кәдесый бұйымдарын жасау;

— Киіз бұйымдарын жасау;

— Киімнен басқа тоқыма емес тоқыма бұйымдарын өндіру;

— Кілемдерді және кілем бұйымдарын жасау;

— Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

— Қайыс-ертоқым бұйымдарын жасау;

— Ойындар және ойыншықтар өндіру;

— Өзге де тоқылған және тоқылған киімдер өндірісі;

— Өзге де керамикалық бұйымдар жасау;

— Пышақ бұйымдар жасау;

— Сағаттардың барлық түрлерін құрастыру;

— Соғу, престеу, штамптау және профильдеу арқылы дайын металл бұйымдарын немесе жартылай фабрикаттарды өндіру;

— Фарфор мен фаянстан тұрмыстық-шаруашылық бұйымдарын жасау;

— Шаруашылық-тұрмыстық қыш бұйымдарын өндіру;

— Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу;

— Компьютерлік ойындар шығару.

Тізімге жалпы саны 47 қызмет түрі енді.

«Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызып, тиісінше қолдау шараларын көрсетуге, сонымен қатар креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Атап айтқанда, креативті индустриядағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының 1,5 есеге өсіру жоспарланған, яғни 2023 жылы – 66 000, 2024 жылы – 73 000, 2025 жылы – 80 000», — деп түсіндірме берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкімет қаулысына.

 

Другие новости

Back to top button