Госорганы

Экология министрлігі енді балық экспорты мен ипортына шектеу қоя алады

 Экология және табиғи ресурстар министрлігіне балықты экспорттау немесе импорттауға шектеу қою, оған квота енгізу құзыреті берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, таяуда аталған ведомствоға мына функциялар беріледі:

— сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жекелеген тауарларды әкетуге немесе әкелуге тыйым салуды, сандық шектеу (квоталарды), рұқсат беру тәртібін белгілейді;

— сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін әзірлейді, квотаның қолдану мерзімін айқындайды;

— сандық шектеулерді (квоталарды) бөлуді жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тауарлардың жекелеген түрлерін әкету және (немесе) әкелу квоталарының мөлшерін айқындайды;

— жекелеген тауар түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар береді.

«Мәселен, «Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы» ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 106 бұйрығына сәйкес жаңа ауланған немесе салқындатылған балықтың жекелеген түрлерін жайын және көксеркені шығаруға тыйым салынған. Кейіннен министрлікке сандық шектеулер (квоталар) енгізуге және балық өнімдерін экспорттауға рұқсат беруге мүмкіндік жасайтын құзыретті заңнамалық түрде беру ұсынылды. Бұл — әкетілетін балық көлемін реттеуге және бизнесті балықты қайта өңдеуді дамытуға ынталандыру мақсатында өңделмеген балық экспортын шектеуге мүмкіндік береді», — деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысының жобасына.

Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Другие новости

Back to top button