
«Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды. Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдырып жатыр», — деді Роман Скляр.
Белгілі болғандай, соңғы күндері болған оқиғалар салдарынан гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бар жұмысты қиындатқан.
«Барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келеді деп ойлаймыз», — деп атап өтті Р. Скляр.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.
Төменде Екібастұз қаласында жылумен жабдықтауды қалпына келтіру туралы жедел штабтың мәліметтері берілген.