Главное
«Екі жыл гаражда күте ме»: Абай Бегей 16 жаста тұрмыс құрған қызына көлік сыйлады (ВИДЕО)
Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызы Сымбат тұрмысқа шықты. Қызының бұл қылығын құптаған әке автокөлік сыйға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Неткен бақытты қыз, жары да, әкесі, енесі — бәрі қамқор боп жатыр, қызы өте әдемі. Қасқаның жазығы Абай Бегейдің қызы болғаны болып тұр ғой. Не деген жансыңдар, нелерің кетті, кетті қызы бағы болсын дең де қойыңдар. Байға тиюді емес, бұл жаста оқу оқып, сауаттылықты таңдау керек. Әке деген асқар тау, көзіме жас келді. 16-да тұрмыс құрып, ещё правасыз көлік жүргізе ме, 2 жыл гаражда күте ме», — деп, пікірлер қақ жарылды.
Жас қыздың ерте тұрмысқа шығуы бірнеше күннен бері желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Абай Бегей парақшасында қызының беянебаянын жариялап, астына «Әр түрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рахмет!» деген жазба қалдырды.