«Екі жақ танысты»: Сәкен Майғазиев келінді қашан түсіретіні белгілі болды

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас досының құпиясын ашып қойды.
“Мен Айнұрға сөз салатын кезде достарымды да шақырдым. Әділет екеуміз бала кезден доспыз. Ол да қызын ертіп әкелді. Сол кезде видеоға түсіп қалған. Tik Tok-тан ештеңені жасыра алмайды екенсің. Өздері де көріп, шок болып жатыр. Қыз бен жігіт болып араласқандарына көп уақыт болмағасын да жариялауға асықпаған сияқты. Ақтау өңірінің қызы, 2005 жылы туған”, – деді Олжас Еспанов журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында.
Одан кейін досының тойына қатысты да пікір білдірді. Сөзінше, той күні алыс емес сияқты көрінеді.
“Екі жақтың ата-аналары ресми түрде танысып, тәтті шай ішкен жоқ. Бірақ кездескендерін естідім. Тамыз айының аяғында үлкен тойды жоспарлап отыр”, – деді блогер.
Еске салайық, Сәкен Майғазиев ұлының үйленуін әлеуметтік желіден естігенін айтқан еді.