«Екі АЕК-тен көп болса, бұл пара»: Антикор ұсынылатын сыйлықтар туралы айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов дәрігерлерге екі АЕК-тен асатын сыйлықтардың параға жататынын саналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сарқұлов мәжіліс отырысында, сыйлық берген кезде де себеп-салдарында байланыс болуы керек екенін жеткізді.
«Егер сол сыйлық арқылы көздегеніңіз болса, орнына бірдеңе алғыңыз келсе және егер сыйлық екі АЕК-тен көп болса, бұл пара болып саналады. Кәмпит қорабы пара емес», — деді ол.
Антикор өкілі мемлекеттік қызметкерлердің сыйлықтарды Арнайы мемлекеттік қорға тапсыруы тиіс екенін еске салды.
Сондай-ақ, Сарқұлов пара алуға келісім бергені, пара сұрағаны немесе талап еткені үшін, сондай-ақ пара беруге уәде бергені немесе ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді көздейтін заңның жаңа нормасына түсініктеме берді.
«Неліктен біз бұл сұрақты осы нормаға енгіземіз? Себебі, былайша айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта талап етілетін халықаралық стандарттар бар. Біз 2008 жылы қылмысқа, жалпы сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты конвенция қабылдадық. Осы конвенцияға сәйкес, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық стандарттарына сәйкес, параның уәделері, ұсыныстары мен талаптары біздің заңнамада болуы керек», — деп түсіндірді Антикор өкілі.