Культура

Екеуміз де арбаға таңылып, қиналып қалдық – Нұрлан мен Мұрат

Осыдан 20-25 жыл бұрын қазақ эстрадасында аты шыққан әншілер Нұрлан мен Мұрат «Таңшолпан» бағдарламасында берген сұхбатында жан сырын бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сұхбат барысында тележүргізуші “кейінгі сұхбаттарыңызда денсаулық жайын көп айттыңыздар, қазір қалайсыздар?” деп сұрайды. Бұл сұраққа Нұрлан жауап берді.

Құдай шүкір, қазір. Мұрат екеуміздің бір баяғыдан қойылған, Алладан келген сондай бірдеңе бар шығар. Мен ауырып қалсам, міндетті түрде бір-екі жылдан кейін Мұрат та ауырып қалады. Менің басыма бір қайғы түссе, Мұраттың да басына сол қайғы түседі. Неге екенін білмеймін. Менің мамам қайтыс болды, бір-екі жылдан кейін Мұраттың да мамасы қайтыс болды. Мен ауырып қалып, үш жылдай коляскада болдым. Мұрат та кеше коляскадан шықты. Сондай болып тұрады. Мұрат маған “Нұреке, сен ұрынып қалмашы” дейді, – деп күледі Нұрлан.

Мұрат өз кезегінде “көрермен біздің жаңа әндерімізден гөрі ескі әндерімізді көп іздейді” деді.

Другие новости

Back to top button