Выбор редакцииСоциум

Ейск қаласында қаза болғандардың дені өрттен қашып, терезеден секіргендер екені анықталды

Ресейдің Краснодар өлкесінің вице-губернаторы Анна Минькова СУ-34 әскери ұшағы құлаған көпқабатты үйдің үш тұрғыны өртеніп жатқан үйден секіру салдарынан қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Газета.ру-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, бұл дәрігерлердің ақпараты.
“Зардап шеккендерге келетін болсақ, қазір ауыр халде жеті адам жатыр, оның бірі бала. Бұл өртенген өнімдерден уланған адамдар, қазір оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Одан бөлек жеңіл түрде зардап шеккендер бар, олар да ауруханада жатыр, сегіз адам.

Біз оларды оттегімен тыныс алып, есн жию үшін жайына қалдырдық. Содан кейін біз орналастыру мәселесін шешеміз”, – дейді Краснодар өлкесінің губернаторының орынбасары Анна Минькова.

Краснодар өлкесінің жедел штабының соңғы мәліметі бойынша, Ейскіде Су-34 ұшағының апатынан қаза тапқандар саны 4 адамға дейін өсті, 6 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 25-і әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды.
Ұшақ ұшқыштарының өзі жарылыстан бірнеше секунд бұрын ұшақтан секіріп, аман қалды.

Еске салсақ, Ресейдің Ейск қаласында Су-34 әскери ұшағының құлауы салдарынан 9 қабатты ғимарат өртенгенін хабарлаған едік.

Мәліметтер бойынша, Ейск орталық аудандық ауруханасында өрттен зардап шеккендерге 8 операциялық бөлме мен 11 реанимациялық төсек орналастырылған.

Другие новости

Back to top button