Госорганы

Egov mobile қосымшасында азаматтардың медициналық деректері бар бөлім пайда болды

Ондағы барлық ақпарат бір бөлімде шоғырланады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile қосымшасының жаңарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, енді қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық дерегін eGov mobile қосымшасы арқылы көре алады. Яғни, барлық ақпарат бір бөлімде шоғырланады.

Дәрі-дәрмектерді тағайындау, диспансерлік есепке алу, медициналық анықтамалар, вакцинация, ауруханаға жатқызу, емделу туралы мәліметтер және басқа да маңызды ақпарат, соның ішінде балалар туралы ақпарат eDensaulyq бөлімінде қолжетімді болады.

«Мұның бәрі бірыңғай медициналық сервисті құру бағытындағы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. eDensaulyq бөлімі Қазақстан азаматтарының қажетті медициналық деректерімен толыға береді, сіздер өз деректеріңіздің толықтай жүктелмегенін көрсеңіз, олардың жақын арада пайда болатынын атап өтемін. Цифрландыру жүрген жерде ашықтық принципі қашанда бірінші орында. Біз осы қосымшаны енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын кедергілерді жоюға ниеттіміз», — деп жазды Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұдан бөлек, пайдаланушы қосымшада көрсетілген ақпаратпен келіспесе, онда сіз call (1406) орталығына немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Telegram-боты арқылы өтінішін білдіре алады. Осылайша, тиісті мәселелер назарға алынып, олқылықтар жойылатын болады.

Другие новости

Back to top button