Денсаулық

Дүниежүзілік Ішектің қабыну аурулары күнінеорай: Қазақстанда сырқаттанудың артуыбайқалуда

Жыл сайын 19 мамырда бүкіл әлемде Дүниежүзілік ішектіңқабыну аурулары (ІҚА) күні аталып өтеді. Бұл күн Крон ауруы мен ойық жаралы колит туралы қоғам хабардарлығынарттыруға бағытталған. Бүгінде әлем бойынша 10 миллионнан астам адам осындай созылмалы аурумен өмірсүреді.

ІҚА — ас қорыту жүйесінің ауыр, созылмалы және үдемеліаурулар тобы, пайда болу себептері әлі күнге дейін толықзерттелмеген. Медицина дамығанына қарамастан, бұлаурулар толық жазылмайтын болып саналады және ұзақмерзімді ем мен тұрақты бақылауды қажет етеді. ІҚА-ныңДүниежүзілік күнінің символы — күлгін лента. Ол күнделікті ауырсыну, ас қорыту бұзылыстары, әлсіздік, шаршау, салмақ жоғалту және әлеуметтік шектеулерменбетпе-бет келетін науқастарға қолдау белгісі болыптабылады.

Соңғы жылдары ІҚА-ның таралуы бүкіл әлемде, соныңішінде Орталық Азия елдерінде де өсіп келеді. Қазақстандада ішектің қабыну аурулары маңызды медициналық-әлеуметтік мәселеге айналуда. Мамандардың мәліметінше, 2018 жылдан 2023 жылға дейін Крон ауруы жағдайлары555-тен 1 631-ге дейін, ал ойық жаралы колит 2 218-ден 7 305-ке дейін артқан.

Бүгінде елдегі ІҚА таралуы шамамен 100 000 адамға 5–10 жағдай деңгейінде бағаланады. Алайда мамандар нақтыкөрсеткіштер бұдан жоғары болуы мүмкін екенін, себебіаурудың жеткілікті деңгейде анықталмайтынын айтады.

«Ішектің қабыну аурулары әлі де жеткілікті деңгейдетанылмайды. Олардың белгілері жиі функционалдық немесеуақытша ас қорыту бұзылыстары ретінде қабылданып, науқастардың дәрігерге кеш жүгінуіне әкеледі. Ал ертедиагностика аурудың болжамы мен бақылауында шешушірөл атқарады», — дейді гастроэнтеролог дәрігер, «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ басқарматөрағасының орынбасары, медицина ғылымдарыныңкандидаты, ішкі аурулар кафедрасының доцентіКайбуллаева Джамиля Ахтановна.

Мамандардың бағалауынша, ІҚА көбіне еңбекке қабілеттіжастағы адамдарда — орта есеппен 30 бен 40 жасаралығында анықталуда. Сонымен қатар жас науқастарарасында да жағдайлардың көбеюі ерекше назар аудартады. Бұл пациенттерге де, денсаулық сақтау жүйесіне де қосымша жүктеме түсіреді.

Медицина дамығанына қарамастан, ІҚА бар науқастардиагноз қоюдың кешігуі, ұзақ мерзімді кешенді ем қажеттілігі және инновациялық терапияға қолжетімділіктіңшектеулілігі сияқты қиындықтарға тап болуда. Кеш диагностика факторларының бірі — ауру туралыақпараттың жеткіліксіздігі.

«Бүгінде біз тек анықталу жағдайларының артуын ғанаемес, сонымен қатар ІҚА-мен ауыратын науқастарсанының, әсіресе жастар арасында, нақты көбеюін байқапотырмыз. Бұл қоғамның хабардарлығын арттыруданбастап, заманауи емге қолжетімділікті кеңейтуге дейінгіжүйелі тәсілді қажет етеді», — деп атап өтті КайбуллаеваДжамиля Ахтановна.

Заманауи емдеу тәсілдері клиникалық белгілердібақылаумен қатар терең терапиялық мақсаттарғаішекшырышты қабатының жазылуына және асқынулардыңалдын алуға бағытталған. Емді ерте бастау аурудың үдеуінбаяулатып, ұзақ мерзімді нәтижелерді жақсартады.

Takeda халықаралық биофармацевтикалық компаниясысозылмалы және сирек аурулары бар науқастардың өмірсапасын жақсартуға бағытталған. Компания ІҚА туралыақпараттандыруды арттыруға үлес қосып, медициналықсарапшылар қауымдастығымен ынтымақтасады жәнезаманауи емдеу тәсілдерін енгізуді қолдайды. Негізгібасымдықтардың бірітиімді терапия мен медициналықкөмектің қолжетімділігін арттыру.

Медициналық аспектілерден бөлек, ІҚА бар науқастаркүнделікті өмірдегі шектеулерден бастап, қоғам тарапынантүсінбеушілік сияқты әлеуметтік қиындықтарға да тап болады.

«Ішектің қабыну аурулары бар науқастар үшін дәрілік ем ғана емес, қоғам тарапынан қолдау да маңызды. Көпшілігітүсінбеушілікке, стигматизацияға және кәсіби әрікүнделікті өмірде шектеулерге тап болады. Сондықтанақпараттандыруды арттырунауқастардың жалғызқалмауы үшін өте маңызды», — деді «Ішектің қабынуаурулары бар адамдарға көмек пен қолдау көрсету» ҚҚ басшысы Ербол Әміржанов.

Созылмалы және сирек аурулармен өмір сүретінадамдардың оқиғалары бүгінде қоғамдық талқылаудың бірбөлігіне айналуда. Мысалы, ІҚА бар науқастың өмірітуралы «Редкие люди» деректі фильмінде олардыңкүнделікті күресі мен өмір сапасы туралы баяндалады.

Дүниежүзілік ІҚА күні аясында Takeda компаниясы ауру туралы ақпараттандыруды арттыруға және науқастарғақатысты стигманы азайтуға бағытталған бастамалардықолдайды. Компания қызметкерлері жыл сайын «10 000 қадам» сияқты спорттық акцияларға қатысып, денсаулықтысақтау мен белсенді өмір салтының маңызын насихаттайды. Сарапшылардың айтуынша, қоғамның ақпараттануы мен уақтылы диагностика науқастардың өмір сапасынжақсартуда шешуші рөл атқарады.

ІҚА-ны тиімді басқару дәрігерлердің, науқастардың, мемлекеттік институттар мен фармацевтикалықиндустрияның бірлескен жұмысын талап етеді. Қазақстанденсаулық сақтау жүйесінде көмек көрсету сапасын арттыружәне заманауи емге қолжетімділікті кеңейту маңыздыміндеттердің бірі болып қала береді.

Дүниежүзілік ІҚА күніерте диагностиканың, уақтылыемдеудің және науқастарды қолдаудың маңызын ескесалатын мүмкіндік. Бұл мәселеге назардың артуыадамдардың қажетті медициналық көмекті тезірек алуынажәне өмір сапасын сақтап қалуына ықпал етеді.

Бұл ақпарат тек ақпараттық мақсатта Такедакомпаниясының қолдауымен ұсынылған. Аурудыдиагностикалау немесе емдеу үшін өзіңіздің емдеушідәрігеріңізге жүгініңіз.

Другие новости

Back to top button