Денсаулық

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға 860 миллион теңге бөледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын дамытуға 860 миллион теңге бөлінеді.

 

«Қол қойылған ДДҰ-ның еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастық туралы келісім аясында денсаулығымызды сақтауды дамытуға 1,8 млн доллар бөлу туралы шешім қабылданды», – деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Ақша медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен ақпараттық жұмыс және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталады.

ҚР мен ДДҰ арасындағы келісім екі жылға созылады.

«Конференцияға қатысушылар алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуды қолдауға оң пікір білдірді. Делегаттар алғашқы медициналық-санитарлық көмектің базалық қызметтерін кеңейту, азаматтардың медициналық көмекке  қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инвестицияларды ұлғайту пайдасын көрсетті. Сондай-ақ мемлекет, үкімет басшылығы тарапынан ең маңызды жоғары саяси қолдау қажет», – деп атап өтті министр.

Другие новости

Back to top button