Социум

Дүйсенбіде ауа райы қандай болады

Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында – қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қалың қар, Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады.

Другие новости

Back to top button