Спорт
«Дұғада болыңыздар»: Назым Қызайбай келесі жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті (ВИДЕО)

Париж Олимпиадасында бірінші жекпе-жегін жеңістен бастаған боксшы Назым Қызайбай дайындығын көрсетіп, келесі қарсыласы кім екенін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бірінші жекпе-жек өтті. Енді келесісіне дайындалу керек. Олимпте осал қарсылас болмайды. Келесі қарсыласым – бразилиялық боксшы. Шайқас бірінші тамызда өтеді», — деп жазды Назым Қызайбай.
Боксшының видеосына пікір қалдырғандар оның Олимпиада чемпионы атануын тілеген.
Еске салсақ, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентиноны (Италия) ұтты. Ол италиялық қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, Олимпиада ойындарының келесі айналымына жолдама алған еді.