Главное

Досаевпен кездесуде жанжал шығарған әйел бұған дейін журналистерге шабуыл жасаған болып шықты

Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Алатау ауданы тұрғындарының кездесуінде полицейлердің әйелді көтеріп алып кеткені түсірілген видео тараған еді. КазТАГ әйелдің Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 сәуірде әйел видеоүндеу жасап, кездесуде жай ғана әкімге сұрақ қойғысы келгенін айтты.

«Олар кісі өлтірушілер мен жемқор шенеуніктерге бұлай жасамайтын шығар. Мен жай ғана әкімге сұрақ қойғым келді», – деді әйел.

Куәгерлер әкіммен болған кездесуде көзбен көрген оқиғасын айтып берді.

«Ол кездесуге келіп, басынан бастап айқайлады. Жанында баласы, кітаптары болды. Кітаптарды лақтырып, залға жүгіріп кіріп, жүгіріп шықты. Басқалар онымен сөйлесуге тырысып: «Келіңіз, кіріп, сұрағыңызды қойыңыз» деп айтты. Алайда ол әдейі арандататындай әрекеттер жасады. Кітаптарды лақтырып, өзіне жақындаған адамдардың бәрінжұлқылады. Сосын оны залдан алып шықты», – деді куәгерлердің бірі.

Кей дереккөздердің мәліметінше, бұл әйел бұрыннан бірқатар арандатушылық әрекеттерімен танылған, журналистер және азаматтық белсенділерге қарсы шабуыл жасаған Ақжол Ахметова.

Еске салайық, 2019 жылдың 22 шілдесінде Ақжол Ахметов Алматыдағы халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросының аналарды қудалау туралы  баспасөз мәслихатында журналистерге шабуыл жасаған. Сол кезде «Алматы» телеарнасы мен «Азаттық» радиосы журналистерінің камералары толығымен сынған. Полиция шақырылғанымен құқық бұзушыларға ешқандай шара қолданбаған.

22 шілдеде баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген адвокат Ғалым Нұрпейісов шабуылдың мұқият жоспарланғанын айтқан. Дегенмен сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистерге жасалған шабуылдың ұйымдасқан сипаты туралы нұсқаны жоққа шығарып, «екі тарап арасында жанжал болды» деп мәлімдеген. Алайда оқиға орнынан түсірілген видеолар «екі тарап арасында жанжалдың» болмағанын көрсетеді. Бірақ журналситердің қақтығысқа араласқаны туралы ешқандай дәлел болмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімінің тұрғындармен кездесуінде көпбалалы ананы полиция ұстап әкеткенітуралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button