ГлавноеГосорганы

Дін басшыларының бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды – Тоқаев

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр.

Съездің ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келген қонақтарға ризашылық білдірді.

Еліміздегі және бүкіл әлемдегі бүкіл әлемдегі диалог пен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан саясатының маңызды бөлігі. Бүгінгі съезд-соның айқын көрінісі. Осыған дейін үлкен форум декларацияларында зорлық-зомбылық, радикализм және қақтығыстар табанды түрде сыналды. Қандай идеяны желеу етсе де, мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайтыны анық айтылды. Қазіргі кезеңде дін басшыларының бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды. Олар кез келген мәселе бойынша ортақ пайымға келіп, тіл табысуға болатынын адамзатқа паш етуде.Меніңше, съездің ең басты айырмашылығы да осында, — деді Тоқаев.

Съезден ақпарат таратуға 300 БАҚ тіркелген. Оның ішінде Рим папасымен келген 81 журналист бар.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.

Другие новости

Back to top button