Госорганы

«Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобы: Нойс пен Карас туралы не белгілі

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Қуандық Алпыс Нойс және Карас лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің оң қолы мен жақын серігі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қуандық Алпыстың айтуынша, Нойс – Жұмагелдиевтің оң қолы әрі басты одақтасы. Қазіргі уақытта ол Қазақстаннан тыс жерде, халықаралық іздеуде. Оны ұстау және Қазақстанға экстрадициялау шаралары жүргізілуде.

«Карас та Жұмагелдиевпен тығыз байланыста. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Қазір қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін қамауға алынды», — деді Алпыс.

Оның айтуынша, Нойс бірқатар ауыр қылмыстарға, соның ішінде 2018 жылы Алматы тұрғынын өлтіруге оқталуға қатысы бар деген күдікке ілінген. Дәл осы факті бойынша оған халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс бірнеше жыл бойы ашылмай келді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде осы ауыр қылмысқа қатысқан алты күдікті ұсталған.

Карасқылмыстық топты ұйымдастыру және оған жетекшілік ету, бандитизм, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, адам ұрлау және қару сақтау сияқты бірқатар ауыр қылмыстарды жасады деген күдікке ілінді.

Ведомствоның мәліметінше, Нойс бұрын қарақшылық пен озбырлық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 178, 327-баптары (ескі нұсқа) бойынша сотталған. Карасқа қатысты 179-бап «Тонау», 287-бабы «Заңсыз қару алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және 380-бап «Билік өкіліне өз міндетін орындауға байланысты өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану» бойынша сотталған.

«Бүгін біз арнайы операцияның үш кезеңінің нәтижесінде өңірлердегі әріптестермен бірлесе отырып, топқа қатысы бар 80-нен астам адамды ұстадық, оның 38-і қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа да ақпарат жариялауға жатпайды», — деді Қуандық Алпыс.

Другие новости

Back to top button