Госорганы

Дикий Арманның ісі: сот адвокаттың өтінішіне жауап берді

Бүгін атышулы іс бойынша алдын ала тыңдау өтті

Алматының шетіндегі тергеу изоляторында Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман), Қайрат Құдайберген және тағы 30-ға жуық адамға қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылдың 14 қыркүйегінде атышулы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Бұл ретте Алматы сотының баспасөз қызметі сот отырысына адвокаттардың кіруіне тыйым салынды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Ақпарат ретінде мына жайттарды түсіндіреміз: Процеске қатысушылардың барлығына N72-мекемеге бару маршруты, кіру туралы алдын ала хабарланды. Бірқатар адамдар сотталушылар әкелінетін қызметтік кіреберіс арқылы өтпек болған. Оларға мекеменің бас бақылау бекеті арқылы кіру схемасы қосымша түсіндірілді. Отырыс ашық режимде өткендіктен, ноутбуктарды, планшеттерді және басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбады. Тергеу изоляторының аумағында ұялы байланысты пайдалану шектелгендіктен, құрылғыларды пайдаланудағы мәселелер техникалық сипатта болуы мүмкін. N72-мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде тексеру жүргізіледі», – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Жұмагелдиев пен Құдайбергеннің ісі бойынша алдын ала тыңдау Ішкі істер министрлігі Қылмыстық іздестіру департаментінің №72 мекемесінде өтті.

Осы жылдың 4 қыркүйегінде қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) шетелден 2021 жылдың желтоқсан айында келгенін және Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болғанын хабарлаған. Ол 5 адамнан тұратын қылмыстық топпен 2022 жылдың 7 қаңтарында арнайы операция кезінде ұсталды. Содан кейін күдіктілерден әртүрлі маркалы қару-жарақ, сондай-ақ оқ-дәрілер, суық қару-жарақ және брондалған көлік тәркіленді. Осы уақытқа дейін ол қамауда отыр. Арман Жұмағелдиевтің адвокаты бұған дейін азаптау фактісі бойынша тергеу сотында жеңіске жеткенін хабарлаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қаңтар оқиғасы бойынша Алматы қалалық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты Қайрат Құдайберген де ұсталған. Ол «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты» деген күдікке ілінді. Жұмагелдиевпен бірге Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде адамдарды жинауды ұйымдастырғаны анықталды.

Другие новости

Back to top button