Дикий Арман сотталды: жәбірленушілердің үкімге көңілі толмады

27 қаңтарда Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбеков 2022 жылғы қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша 44 сотталушыға, оның ішінде қылмыстық беделді Арман Жұмағелдиевке, ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа, Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге үкім шығарды. Істе 45 жәбірленуші, кейбіреулерін сотта адвокат Гүлнар Жуаспаева қорғады. Олар сотталғандардан 5 миллион теңгеден моральдық зиян өндіруді талап етті, бірақ сот олардың талаптарын ішінара қанағаттандырды. Ulysmedia.kz тілшісі адвокаттың үкімге қатысты ойын білді.
44 АДАМҒА БІР ТИЫННАН
— Процесс ақыры аяқталды. Мен 45 әжбірленушінің 11-ін қорғадым, алтауының ісі жабық болды. Моральдық және материалдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық іс қозғалды. Сот 2023 жылдың қыркүйегінде басталып, бір жарым жылға созылды. Біз бастапқыда әр сот отырысына барып жүрдік, содан кейін жәбірленушілерге қарсы ашық арандатулар басталған кезде, біз жәбірленушілерден жауап алған кезде ғана бара бастадық. Азаматтық талап бөлігіне біз шағымданамыз. Тек моральдық зиянды ішінара қанағаттандырғанына көңіліміз толмады, миллионнан ғана өндіріп алдық, біз оны аз деп санаймыз. Қошмамбеттегі азаптау бойынша жәбірленушілерге 5- миллионнан, неғұрлым барабар сома өндірілді. Ал 44 адамға миллионды бөлсеңіз не қалады? Бір тиыннан бөліп бере ме сонда? — деді Гүлнар Жуаспаева Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында.
Үкімді жариялау кезінде судья Әшірбеков жәбірленушілердің 50-ден 300 мың теңгеге дейінгі материалдық талаптарын толық қанағаттандырды.
— Бұл сотталғандардың жаппай тәртіпсіздік кезінде жәбірленушілерден алып, қайтармаған ұялы телефондарының құны, — деп түсіндірді адвокат.
СОТ ҮКІМІ
Еске салайық, 27 қаңтарда Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты басты істердің бірі бойынша сот үкімі шықты. «Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған, Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Бердах Бекетовке үкім шықты. Ол сот үкімімен бірнеше бап бойынша ол 7 жылға сотталды.
ҚАЙРАТ ҚҰДАЙБЕРГЕН
Кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды. Құдайберген 2022 жылдың сәуір айында ұсталды. Ол жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, сондай-ақ Жұмагелдиевпен байланыста болды деген күдікке ілінген. Оған мемлекеттен берілген марапаттар қайтарылды.
РУСЛАН ЫСҚАҚОВ: 15,6 ЖЫЛ
Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа да үкім шықты. Ысқақов бұрын сотта Қаңтар оқиғасы кезінде оған Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.
ДИКИЙ АРМАН
Дикий Арман лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды. Жұмагелдиевке Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деген айып тағылған болатын. Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау аяқталған.