Денсаулық

Диетолог майсыз сүт өнімдерінің қандай зияны барын айтты

Диетолог Елена Соломатина майлы сүн өнімдерінің пайдасы мен майлылығы төмен сүт өнімдердің зияны туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Майсыз сүт өнімдерді ғана тұтыну ақылға қонымсыз дүние, өйткені біздің ағзамыздағы майдың күрт азаюы жыныстық гормондар — стероидты гормондар бөлінісінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Қандай да бір майсыз жасушалар мұндайда бөліне алмайды, жасушалы мембраналардың түзілуі де, мидың қалыпты жұмысы істеуі де мұндай да мүмкін болмай қалады, — дейді маман 5-tv.ru-ға берген сұқбатында.

Диетолог атап өткендей, майы жоқ өнімдерге өндірушілер ағзаға зиянды қант, хош иісті дәмдеуіштер және басқасын да қосады. Құрамында майы бар өнімдердің денсаулыққа зияны аз.

Белгілі болғандай, тамақтағы майдың қалыпты мөлшері: 2-ден 5 пайызға дейін. Егер майлылық көрсеткіші одан жоғары болса, онда мұндай өнім де зиянды, — дейді дәрігер.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептіге теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алған жөн.

Другие новости

Back to top button