Диетолог кофені алмастыра алатын шайды атады
Ройбуш, сондай-ақ өткір хош иісі бар шайлар таңертеңгі кофені алмастыра алады. Бұл туралы URA.RU тілшісіне гастроэнтеролог, диетолог Нурия Дианова айтты.
«Шайдың өте айқын хош иісті түрлері бар. Оны кейде кофе ішпейтіндерге таңертең ішкен дұрыс. Өйткені иісі оянуға көмектеседі. Шайдың ройбуш деген түрі бар. Айқын хош иісіне байланысты, ол кофемен бәсекелесе алады. Әсері ваниль мен кокос жаңғағы сияқты. Бұл иістер ең алдымен миға әсер етеді «, — деп түсіндірді маман.
Диетологтың айтуынша, хош иісті шайларды кешке ішпеген жөн.
«Кешке шөп шайларын ішкен дұрыс. Ол қарапайым қайнатпа немесе итмұрын негізіндегі сусын болуы мүмкін. Бұл өте пайдалы, бірақ адамның өтінде тас болмауы керек», — деп қосты Дианова.
Диетологтың пікірінше, авторлық шайларды таңдауға да болады. Бірақ аллергиялық реакцияны тексеріп алған дұрыс.
Ауыр күннен кейін кешке асқазан-ішек жолдарын тыныштандыратын, түймедақ шайын ішкен де жақсы. Ал әйелдерге жалбыз қосылған шай ішу пайдалы. Бұл өсімдік жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді, ішекке спазмолитикалық әсер береді. Жалбыз ерлерге де пайдалы, деді маман.