Главное

Депутат күнбағыс майын өңдейтін зауыттардың кемшілігін атады

 Мәжіліс депутаты Бекқали Торғаев елімізде күнбағыс май өңдейтін зауыттардың кемшілігін атады. Осы орайда Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін күнбағыс тұқымын экспорттауға баж салығын енгізу мәселесіне сіздің назарыңызды аударамыз. Бұл шешімді қабылдау күнбағыс тұқымының жаһандық тапшылығына, соның ішінде қазіргі геосаяси жағдайға байланысты. Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары–Сауда және интеграция министрінің ұстанымына сүйенсек, аталған шектеу отандық май өңдеу зауыттарын жүктеп, жоғары сапалы тауарларды экспорттау қажетіне қатысты. Алайда, бұл шешім бойынша фермерлер наразылық білдіріп отыр. Мәселен, Қазақстанда күнбағыс майының өндірісі жыл сайын артып келеді. Бірақ 2017 жылдан бастап тазартылмаған май өндіру көлемі екі есеге жуық өсті. Май өңдеу зауыттары өнімді терең өңдеу технологияларына инвестиция салмайды, оның орнына іс жүзінде айтарлықтай қосымша құны жоқ бастапқы өңдеуді ғана пайдаланады», -деді Б. Торғаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде кәсіпорындар тек бастапқы өңдеуді игерген. Өнімнің басым бөлігін Қытай мен жақын орналасқан елдердің нарығына жөнелту үрдісі байқалып отыр.

«Сондықтан Қазақстандағы сөрелер 80%-ға дейін импорттық өнімдермен, соның ішінде күнбағыс майымен толтырылған. 2021-2022 жылдары күнбағысқа енгізілген экспорттық шектеулер күткен нәтиже бермеді. Қазақстанда азық-түлік бағасы екі есе өскен. Сонымен бірге күнбағыс тұқымын экспорттауға баж салығын енгізу туралы шешім қабылданған кезде, фермерлердің және олардың бірлестіктерінің пікірі мен дәлелдері тыңдалмады. Шектеулер фермерлерге тікелей экономикалық шығын келтіріп отыр. Бұл кейіннен егін шаруашылығы секторының және жалпы ауылдың дамуына әсер етеді», — деді депутат.

Оның пайымынша, аталған баж салығына қатысты салмақты шешім қабылдау үшін жан-жақты, тиянақты жұмыс жүргізу керек.

«Бұл мәселені жан-жақты қарастыру қажет. Екіншіден, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен жан-жақты талқылау жүргізу керек. Жаңа ұсыныстар әзірлеу үшін фермерлер мен егіншілермен жеке кездесу ұйымдастыруыңызды сұраймыз. Үшіншіден, отандық май өңдеу кәсіпорындарын жүктеу үшін Азық-түлік корпорациясының, ӘКК-лердің қолданыстағы құралдарын пайдалана отырып, іс-шараларды жүзеге асырудың баламалы тетігін әзірлеу қажет», — деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан күнбағысқа экспорттық кедендік баж салығын енгізу туралы шешім қабылдады.

Другие новости

Back to top button