Выбор редакцииСоциум

Депутат Дана Нұржігіттің қаржы пирамидасын жарнамалап жүргені рас па?

Әлеуметік желіде сенатор Дана Нұржігіттің «Incruises» круиздік клубын жарнамалаған видеосы тарады. Осыған қатысты депутаттың өзі де жауап берді, хабаралйды Экспресс К

Сенатор Дана Нұржігіт ханым! Сіз жарнамалап жатқан «Incruises» дегенге кіріп алып, алданып қалсақ, кепілдік бересіз бе? Жарнаманы тегін жасадыңыз ба? Блогерлерді соттап, сенаторларға сот жүрмей ме? Әлде айлықтары түспей жатыр ма? Не мәселе?

-деп жазды Сәбит Рысбаев есімді қолданушы.

Бұған кейіннен депутаттың өзі жауап берген. Ол видеоны енді көріп жатқанын, ертеректе болғанын айтқан.

Бұл ескі видео, ескі парақша. Ұмытпасам, 2018 жыл,

— дейді Дана Нұржігіт.

Дана Нұржігіт
Депутат Дана Нұржігіттің қаржы пирамидасын жарнамалап жүргені рас па?

Журналист Парламент Сенатына 2019 жылы күзде сайланған. Оның алдында бірнеше жыл телеарналарда қызмет атқарған.

Ол жарнамада «Incruises» арқылы аз қаржыға бірнеше мемлекеттік аралауға болатынын айтқан. Соның арқасында баласына Walt Disney-ің аттракциондарын көрсетіп, арманын орындадым деген.

Бұл компания ТМД, соның ішінде Қазақстанда белсенді жұмыс істеген. Ресей билігі былтыр Incruises веб-сайтына тосқауыл қойып, аталған ел орталық банкі Incruises-ті қаржы пирамидасы деп таныған. Бірақ Қазақстанда компанияның сайтына әлі де кіруге болады.

Другие новости

Back to top button