Главное

«Депозит емес». Қазақстандықтарға ақша жинаудың тиімді жолы ұсынылды

Қазақстандықтардың банктердегі депозиттерге салған қаражаты 2025 жылдың наурыз айының басында 20,1 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 19,4%-ға көп. Осы тұста қазақстандықтарға ақша жинаудың тиімді жолы ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҮСІНІКТІ, БІРАҚ ШЕКТЕУЛІ ҚҰРАЛ 

ranking.kz мәліметінше, кейінгі 5 жыл ішінде халықтың депозиттері 2,5 еседен астам артқан. Бұл – халық үшін ақша жинаудың ең қолжетімді және танымал түрі екенін көрсетіп отыр. Депозит ашу оңай, түсінікті, әрі ол инфляциядан қорғануға мүмкіндік береді. Алайда, пайыздық мөлшерлемесі аса жоғары емес, сондықтан бұл ақша жинаудың ең тиімді жолы емес.

Бүгінде қаржы нарығының дамуына байланысты инвестициялаудың түрлі құралдары пайда болуда. Оның ішінде банктердің өздері ұсынатын баламалар да бар. Солардың бірі – депозиттік сертификат.

ДЕПОЗИТТІК СЕРТИФИКАТ ДЕГЕН НЕ

Банктік депозиттік сертификат – бұл банктің өзі шығаратын бағалы қағаз. Оның нақты номиналдық құны және қолданылу мерзімі (әдетте 1 жылдан кем емес) болады. Клиент банкке келіп, сертификатты сатып алады. Белгіленген уақыт өткен соң, банк сертификатты өтейді – яғни клиентке номиналдық құнын және соған есептелген сыйақыны (пайыз) қайтарады.

Бұл өнім жинақ депозиттеріне өте ұқсас, дегенмен айырмашылықтар да бар. Мысалы:

Депозиттік сертификат ресми түрде депозит болып саналмайды, сондықтан оған №169-III ҚР Заңы («Депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы») қолданылмайды.

Бірақ сенімді қаржы институттарынан сатып алынған жағдайда, тәуекел аз.

ТИІМДІ ТҰСЫ НЕДЕ

Басты артықшылықтарының бірі – бұл өнімнің пайыздық мөлшерлемесі қарапайым депозиттерге қарағанда едәуір жоғары.

Мысалы:

2025 жылдың ақпанындағы мәлімет бойынша, депозиттік сертификаттардың ең төменгі мөлшерлемесі – 17%.

Ал жеке тұлғаларға арналған қалыпты депозиттердің орташа мөлшерлемесі – 13,3%.

Бұл – айтарлықтай айырмашылық. Сонымен қатар, соңғы айда депозиттер бойынша мөлшерлеме 13,5%-дан 13,4%-ға дейін төмендеген.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстандықтар үшін жинақ жасау мәдениеті күшейіп келеді. Алайда, ақшаны көбейту үшін депозиттен бөлек тиімдірек құралдар бар. Депозиттік сертификат – сондай баламалардың бірі.

Другие новости

Back to top button