Госорганы

Денсаулық сақтау министрлігі тырысқақ ауруына байланысты азаматтарға үндеу жариялады

Денсаулық сақтау министрлігінің  баспасөз қызметі азаматтарға тырысқақ ауруына байланысты ескерту жасап, осы ауру бойынша қолайсыз елдерге барғанда мұқият болуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) бару кезінде мынадай кеңес береді:

  • қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
  • әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;
  • ⁠өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;
  • жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;
  • тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
  • тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау
  • аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!

Айта кетейік, өткен аптада «Эйр Астана» әуе компаниясының Дели – Алматы бағыты бойынша ұшатын бортынан тырысқақ ауруына шалдыққан жолаушы анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қырғызстан азаматшасы Делиден Алматы арқылы үйіне бара жатқан. Санитарлық-карантиндік бақылау мамандары дер кезінде әйелді медициналық тексеруден өткізді. Тест нәтижелеріне сәйкес әйелге тырысқақ диагнозы қойылды.

Министрлік мәліметінше, эпидемиологиялық қызметтердің инфекция ошағын уақтылы анықтауы және оқшаулауы ел ішінде тырысқақтың таралуының алдын алды.

Тырысқақ (холера) – Vibrio cholerae түрінің бактерияларынан туындайтын аса қауіпті ішек инфекциясы. Дененің тез сусыздануы гиповолемиялық шок пен өлімге әкеледі.

Другие новости

Back to top button