Бизнес

Денсаулық алдыңғы шепте: Қазақстан төтенше жағдайларға дайындықты қалай күшейтіп жатыр

Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларды басқару жүйелерін нығайтудың жаңа жобасы басталды. Бастаманы Колумбия университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығы ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлестікте және «Шеврон»компаниясының қолдауымен жүзеге асырып жатыр.

«Шеврон» компаниясының Колумбия университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығымен ынтымақтастығы COVID-19 пандемиясы өршіп тұрған кезде, медициналық көмекке және халыққа қолдау көрсетуге деген шұғыл қажеттілік басым міндетке айналған кезде басталған еді. Сол кезде біз шұғыл көмек көрсету үшін күш біріктірдік. Бүгінде осы серіктестік жаңа деңгейге шықты — жоба тұрақты дамып, Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларды басқару жүйелерін нығайтуға бағытталған толыққанды бастамаға айналды. Елдің денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз», — дейді «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова.

Еуразия елдері бойынша ICAP директоры Анна Дерябинаның айтуынша, жобаны іске қосуға 2024 жылғы ауқымды су тасқыны түрткі болыпты.

«Жалғыз төтенше шаралар жеткіліксіз екенін түсіндік: «Эпидемиологиялық қадағалаудан бастап логистикаға дейін денсаулық сақтау әлеуетін күшейтуге жүйелі әдістәсілдер қажет», деп атап өтті ол.

Жоба бес басым өңірді қамтиды: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Жобаны Қазақстан Республикасында үйлестіруші Зәуре Ахметованың айтуынша, өңірлер қауіп-қатер деңгейін және «Шеврон» компаниясының нысандарының орналасуын ескере отырып таңдалған.

Жұмыстың басым бағыттарының ішінде:

  • стандартты операциялық процедураларды және әрекет ету сценарийлерін әзірлеу;
  • ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту;
  • кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
  • фейкпен күресу және қауіп-қатерлер туралы хабар таратуды дамыту.

«Негізгі қауіптердің бірі — денсаулық туралы жалған ақпарат тарату. Халық, әсіресе төтенше жағдайлар кезінде нақты және уақтылы ұсыныс-кеңестер алуы керек», — деп атап өтті Ахметова.

Күтілетін нәтижелердің бірі — өңір деңгейінде 100-ден астам маман даярлау. Сонымен қатар ДДСҰ-мен бірлескен далалық іс-шаралар мен симуляциялық жаттығулар да жоспарланған.

Жоба кез келген биологиялық, табиғи және техногендік қауіптерге қатысты тиімді әрекет етуге қабілетті тұрақты жүйе құруға бағытталған. Бұл әсіресе жұқпалы және созылмалы аурулардың артуы, климаттың өзгеруі және демографиялық сын-қатерлер аясында аса өзекті болып табылады.

«Өңірлердің жобаны өздеріне тиесілі екенін сезінуі маңызды. Сонда ғана тұрақты нәтижеге жетуге болады», — деп түйіндеді сөзін Анна Дерябина.

Анықтама үшін

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзаттың ілгері дамуы үшін қолжетімді, сенімді әрі таза қуат көзі қажет деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнай-химия өндірумен айналысады, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз жаңғырмалы отын, көміртекті ұстап қалу мен оффсетті пайдалану, сутек өндірісі, ақпаратты өңдеу орталықтары үшін және жаңа технологияларды жетілдіру үшін қуат көзін өндіруде мұнай және газ саласындағы бизнесімізді өркендету, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және жаңа бизнес бағыттарын дамыту болып табылады. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

 

 

 

Другие новости

Back to top button