Выбор редакцииКультура

«Денсаулығым сыр беріп жүр». Ләйлә Сұлтанқызына не болды?

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына қатысты жағымсыз жайтты айтты. Ол күйеуінің қазасынан кейін әлі оңала алмай жүргенін айтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында бүгін күйеуінің туған күні екенін айтып, марқұмға хат жолдады. Онда тележүргізуші жақынынан айырылғанына әлі сене алмай жүргенін және денсаулығы сыр бергенін жазған.

«Күнімді қараң еткен қараша сені бізден ерте алып кетпегенде бүгін сені 57 жасқа толған туған күніңмен құттықтаушы едік. Әр жазған хатыңды, аудио хабарламаңды әлі де тыңдап тұрамын. Ұлдар үшін өзімді барынша ұстауға тырысып жүрмін, денсаулығымның сыр беріп жүргені болмаса… Қолымнан келіп жүрген сияқты. Арманымыз көп еді. «Үлкен ұлдарды үйлі етіп, қызды қияға қондырдым, енді осы екеуін аяқтандырсақ» дейтін едің. Неге тым ерте кеттің? Ұлдардың қызығын бірге көреміз деген арманымыз қайда? Басымда жауабы жоқ мың сауал ғана… Топырағың торқа, иманың жолдас болып, пейіште нұрың шалқысын», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Тележүргізушінің күйеуі кәсіпкер Қайрат Беркінбаев 6 қарашада қайтыс болған еді. Экспресс К қара жамылған Ләйлә Сұлтанқызы туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Другие новости

Back to top button