Выбор редакцииСоциум

«Денесін полиэтиленге орап тастаған»: Петропавлдық ару Ресейде айуандықпен өлтірілді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Петропавлдық қызды әлдекімдер айуандықпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петропавлдық 27 жастағы Юлиана Санкт-Петербургке көшіп кеткен. Қыздың айуандықпен өлтірілгені туралы ақпарат қала турғындарын шошытты. Юлиананың таныстары оның жақсы, мейірімді адам болғанын айтып, оның өлімін желіде талқылауда.

Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қарашада қаланың Приморск ауданының полициясына 1983 жылы туған ер адамнан хабарлама келіп түскен. Өзінің 27 жастағы танысының жоғалып кеткенін, ол 23 қарашада Студенческая көшесіндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізі үшін инспекцияға барғаннан кейін, байланысқа шықпағанын хабарлаған.
«25 қарашада хабар-ошарсыз кеткен азаматтың арызын тексеру кезінде полицейлер көрсетілген мекен-жай бойынша пәтерді қарап шықты. Тексеру кезінде бұрышта құрылыс қалдықтары салынған қаптардың арасынан үй иесінің полиэтиленге оралған денесі табылды. Бұл факті бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адам іздестірілуде, ол көрсетілген мекенжайда жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Күдіктіні іздеу екі күн бойы жалғасты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 27 қарашада Мәскеу даңғылы, 36 мекенжайындағы жатақхананың шыға берісінде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары мен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ІІМ облыстық департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1981 ж.т. Бұл туралы Ресейдің Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдап, оған айып тағу мәселесі шешілуде”, – делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button