Госорганы

«Демалыста едім»: экология министрі Сәтбаев қаласындағы «қара қар» үшін кім жазаланғанын білмейді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Сәтбаев қаласында жауған қара қар үшін кінәлілерге айыппұл салынып-салынбағанын білмейтін болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, әзірге қаланың экологиялық проблемаларынан толығымен арылу мүмкін емес.

«Қазір ауаны негізінен өнеркәсіп нысандары, ЖЭО ластайды, оған автокөлік, жеке сектор қосылады. Желсіз, тымық күндері қара күйе мен көптеген ластаушы бөлшектер жерге «қонады». Сол себепті әзірге біз бұдан құтылмаймыз. Бізге ластаушы қалдықтарды азайту бағытында жұмыс істеу керек, біздің жасап отырғанымыз да осы», — дейді ол Үкіметте өткен брифингте.

Министр Сәтбаевтағы қара қар үшін айыппұл салынып-салынбағанынан хабарсыз екенін айтты.

«Мен ол күндері еңбек демалысында болған едім. Бірақ сіздерге қосымша ақпарат ұсынамыз», — деп уәде берді Нысанбаев.

Другие новости

Back to top button