Социум
Демалыс күндері жаңбыр жауып, күн салқындайды
Синоптиктер 10, 11 және 12 тамызда арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Метеорологтардың айтуынша, 10-12 тамыз аралығында елдің көп бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады: найзағай соғып, бұршақ жауады. Елдің солтүстік-батысында 10, 12 тамызда, орталықта 10 тамызда, шығыста 10-11 тамызда, елдің оңтүстік-шығысында 11 тамызда нөсер жаңбыр жауады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді.
«Қазақстанның басым бөлігінде температураның біртіндеп төмендеуі болжанады: күндіз елдің батысында +20 дейін, солтүстік-батыста +15 дейін, солтүстікте +15 дейін, шығыста және орталықта +17 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта +35 жылу сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37 градус күтіледі», — делінген хабарламада.