Социум

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Синоптиктер 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады. Жауын-шашын болып, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман, батыста жаяу бұрқасын болады», — деп болжайды «Қазгидромет» РМК.

батыста түнде 2 аяз – 8 жылыдан 2-11 жылыға дейін, күндіз 3-12-ден 7-17 жылыға дейін жоғарылайды;

солтүстік-батыста түнде 13 аяз — 2 жылыдан 7 аяз — 3 жылыға дейін, күндіз 5 аяз-8 жылыдан 0-10 жылыға дейін жоғарылайды;

солтүстікте түнде 5-10 аяздан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 3 аяз-2 жылыдан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды;

түнде орталықта 5-13 аяздан 3 аяз — 5 жылыға дейін, күндіз 3 аяз — 8 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;

шығыста түнде 5-13 аяздан 6 аяз — 3 жылыға дейін, күндіз 7 аяз — 2 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;

оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылы, күндіз10-20 жылыдан 3-15 жылыға ауытқиды;

оңтүстік-шығыста түнде 13 аяз-5 жылыдан 8 аяз -5 жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 0-12-ден 2-15 жылыға ауытқиды.

 

Другие новости

Back to top button