Госорганы

Демалыс күндері 42 градусқа дейін күн ысып, қатты жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15, 16 және 17 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдағы күндері республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Бұл, ең алдымен, фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты.

«Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте 15, 17 маусымда, орталықта 15 маусымда қатты жаңбыр күтіледі», — делінген ақпаратта.

Ал, елдің батысында ауа температурасы өте ыстық +33+42°С дейін, оңтүстік-шығыста өте ыстық температура +35+42°С дейін көтеріледі деп күтілуде.

«Солтүстікте – +26+34°С, орталықта – +25+33°С, шығыста – +21+31°С дейін ысиды», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button