Социум

Дәулет Мұқаев: «350 миллион теңге төрт-бес жыл төңірегіндегі табыс»

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 350 миллион теңгені “Баспанаға бағыт” жобасы құрылғанан бері, төрт-бес жыл төңірегінде тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айттып, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

«Табыс табасыздар. Жұмыстарыңызды заңдастырасыздар» деп айтқаннан кейін өзіме қарсы шыққан сөз болды ғой. Бұл жерде түсінбеушілік бар. Мысалы сабақтарымның сатылымдары мен банктік жарнамалар келісімшарт негізінде. Менің жеке кәсіпкерлігіммен емес, командамдағы балалардың ішінде Шәміл, Бекарыс, Нұрсұлтанның жеке кәсіпкерлігі, Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы салықтары төленіп, солар арқылы келісім шарттар жасалды. Ал мен жасаған келісім шарт тапсырыс беруші, орындаушы деген келісім шарт ғана болды. Салығы заңды түрде төленді. Сайлау алдында декларация тапсырасың, табысыңның бәрін көрсетесің. Ол тараптан барлығы өтті. Ешқандай мәселе болған жоқ. Ол салық органдарының жұмысы. Сәйкесінше барлығы жасалды. 350 млн теңгені біреулер бір айда тапты дейді. Біреуі бір жылда тапты дейді. Ол айналып келгенде шамамен, “Баспанаға бағыт” деп 2019 жылдан бері басталған төрт-бес жылдың төңірегіндегі табыс» — деді Дәулет Мұқаев.

Другие новости

Back to top button