Социум

Дариға Назарбаева Лондондағы ең қымбат әрі тарихи мүлкін америкалық зейнеткерлерге сатқан

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Лондондағы ең қымбат мүліктерінің бірін сатып жіберді. Бейкер-стрит көшесінде орналасқан бірнеше ғимарат ең құнды нысанға жатады. Себебі мұнда әйгілі Шерлок Холмс пен дәрігер Ватсон тұрған деген дерек бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Дариға Назарбаеваға тиесілі құнды ғимараттардың сатылғанын “Выход к морю” Тelegram-арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, Лондонның Бейкер-стрит көшесіндегі бір қапталы, яғни 215-ші үйден 237-ші ғимаратқа дейінгі нысандар түгел дерлік экс-президент қызының мүлкі көрінеді. Тіпті бұл ақпарат 2015 жылы Global Whitness жобасының зерттеуі аясында белгілі болған. Ондағы жазба бойынша Дариға Назарбаева аталмыш мүлікті 185 еуроға немесе 84 миллиард теңгеге сатып алған. The Times газеті де деректі растады. 2005 жылы Дариғаның күйеуі марқұм Рахат Әлиев бұл құнды нысан үшін 140 миллион еуро аударған. Кейін мүлік Дариға Назарбаева мен ұлы Нұрәлі Әлиевтің құзырына өткен. Көшедегі бұл ғимараттардың ерекшелігі тарихи құндылығында. Яғни, мұнда әйгілі Шерлок Холмс пен дәрігер Ватсон тұрған деген дерек бар. Тіпті сол үйлердің бірі Шерлок Холмс музейіне айналған.

Ресми түрде жылжымайтын мүлік Британдық “Farmont Baker Street Ltd” компаниясына тиесілі болды. Ал компания өз кезегінде БАӘ-де тіркелген “Landmark network Real Estate LLC”-ге жазылған. 2022 жылы “Farmont Baker Street” компаниясының заңды мекен жайы өзгерді, бірден 4 директоры жұмыстан шығарылды. Ал олардың орнына жаңа басшы Джош Баумгартен және Адам Шварц есімді америкалықтар келді. Осылайша олар Лондондағы компания атына тіркелген мүлікті 110 миллион еуроға сатып алған.

Сонымен қатар, ақпаратта бұл өзгерістердің екінші жағы да жазылып отыр. Яғни экс-президент қызы өз мүлкінен айырылмау үшін жалған сценарий ұйымдастырған деген де дерек бар. Өзіне тиесілі компания басшылары мен атауын өзгертіп, жалған алып-сату процесін ұйымдастырмасына кім кепіл деп қорытындыланған.

Другие новости

Back to top button