Социум

«Дәмхана, мейрамханалардың қызмет құны қымбаттай ма»: Қазақстандық кәсіпкерлер сауда салығының өсуіне наразы

Қазақстанда келесі жылдан бастап бөлшек сауда салығын екі есеге арттыру жоспарлануда. Биліктің бұл шешіміне мейрамханашылар, дәмхана мен асхана иелері қарсы. Олар егер салық артса, халық үшін де дәмханалар желісінің қымбаттайтынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

 

Қазақстан қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрағасы Гүлбану Майғарина келер жылы бөлшек сауда салығының 6%ға жететінін айтып, бұл кәсіпкерлер үшін қиындық тудыратынын алға тартты.

“Біз оның тұрақты 3 % болып қалуын сұраймыз. Еңбегімізді толықтай ақтап, әрбір адамға пайдамыз тисе дейміз. Біз әрбір қызметкеріміздің жұмысын толық заңдастырып, оның жалақысына салынатын салықты азайтуын қалаймыз”,-деді Гүлбану Майғарина.

Бұл мәселе бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Алайда Атамекен сауда департаментінің басқарушы директоры Әсет Айтбаевтың сөзінше, қазір шенеуніктермен келіссөздер жүргізу қиын екен.

“Мұның бәрін егжей-тегжей талқылап жатырмыз. Дәл қазір нақты шешім жоқ. Барлығы 3 %-ды талап етіп отыр. Ұлттық палатаның ұстанымы 3%-ды қалдыру. Бірақ әзірге мемлекеттік органдар бұған келіспей отыр”,- деді Әсет Айтбаев.

Другие новости

Back to top button