Выбор редакцииКарагандинская область

«Дәл бетінен тістеген»: Қарағандыда қаңғыған иттер жігітті талап тастады

Суреттен жас жігіттің ауыр зардап шеккенін көруге болады, деп жазады Экспресс К. 

Қарағандыда балалар алаңына кіріп кеткен иттер жеткіншектерді талап тастай жаздаған еді. Қалада бүгін дәл осындай жағдай қайталанды. Бұл жолы қаңғыған иттердің бірі бозбалаға тіс батырып үлгерген.

Жан түршіктірер жағдай Федоровта болды. Қабаған ит жігіттің дәл бетінен тістеген. Егер алқымынан қапса не болар еді?— дейді желі тұтынушыларының бірі.

Сурет астына пікір қалдырған басқа адамдар жігітті ит тістегеніне күмән келтірген. Ал осы оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімет берілген жоқ.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Балқашта ит иесінің екі қолын шайнап тастаған еді.

Другие новости

Back to top button