Денсаулық

Д дәрумені коронавируспен күресте қауқарсыз ба? – Ғалымдар пікірі

Д дәрумені тыныс алу жолдарының инфекциясы немесе коронавирустың алдын алуда пайдасыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lenta.ru таратқан мәліметке сүйенсек, мұндай тұжырымды Лондондағы Мария патшайым университеті мен Ұлыбританияның өзге де ғылыми ұйымдарының ғалымдары жасаған.

Ғылыми тәжірибеге Д дәруменін мүлдем қолданбаған 16 жастан асқан 6200 адам қатысқан.

Жарты жылға созылған зерттеу барысында қанында Д дәрумені деңгейі төмен еріктілердің бір тобы күн сайын 800 халықаралық бірлік (МЕ) мөлшерінде дәруменді тұтынған. Ал екінші топқа 3200 МЕ Д дәрумені беріліп отырған. Қалған қатысушылар плацебо қабылдаған. Зерттеуге қатысқандарға кальцифедиол деңгейін – бауырда түзілетін Д дәруменін анықтау үшін қан талдауы жасалған.

Другие новости

Back to top button