Бизнес

Coca-Cola İçecek Ақтөбедегі жаңа зауыт арқылы Орталық Азиядағы өсімін жалғастыруда

Ақтөбе қаласында Anadolu Group құрамына кіретін Coca-Cola İçecek (CCI) Kazakhstan компаниясының Қазақстандағы төртінші зауытын салу жобасының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті. Дәстүрлі алғашқы тас қалау рәсімінің орнына қатысушылар уақыт капсуласын жерге көміп, компанияның Қазақстанның болашағына, өңірдің индустриялық әлеуетіне және ұзақ мерзімді дамуына деген сенімін білдірді.

Ақтөбедегі жаңа зауыт – жай ғана өндірістік нысан емес. Бұл компанияның еліміздегі инвестициялық қызметін кеңейтуге, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және болашақ мамандар буынын қолдауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және халықаралық серіктес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ CCI Kazakhstan басшылығы қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етуде өңдеу өнеркәсібін дамытуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жаңа өндірістер ашуға ерекше мән беріп келеді. Бүгін бастау алып отырған жоба – осы стратегиялық міндеттердің өңірімізде табысты жүзеге асырылып жатқанын көрсететін жарқын мысал.

Ең бастысы – бұл жоба өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашады. Зауытта 150 тұрақты және 110 қосымша жұмыс орны құрылады. Бұл жүздеген отбасының әл-ауқатын жақсартуға, жергілікті тұрғындардың тұрақты табыс табуына мүмкіндік береді,» — деп атап өтті Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов.

Greenfield қағидаты бойынша салынатын жаңа кәсіпорын компанияның Қазақстандағы соңғы жылдардағы ең ірі инвестициялық жобаларының бірі болып отыр. Зауыт іске қосылғаннан кейін өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірісте халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес келетін және ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар енгізіледі.

«Бүгін біз болашаққа арналған уақыт капсуласын жерге көму арқылы жаңа өндірістің ғана емес, жаңа мүмкіндіктердің де негізін қалап отырмыз. Бұл жоба біз үшін зауыт салудан әлдеқайда маңызды. Ол өңірдің дамуына серпін беруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, озық технологияларды енгізуге және Қазақстанның жаңа индустриялық буынын тәрбиелеуге бағытталған», – деді Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель.

Жоба Қазақстан Үкіметі мен елдегі стратегиялық инвестициялық бастамаларды қолдауға жауапты «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұған дейін жобаға қатысты келісімдер мен меморандумдарға Kazakhstan Global Investment Roundtable халықаралық инвестициялық форумында және Қазақстан–Түркия бизнес-форумы аясында қол қойылған болатын.

Coca-Cola İçecek Қазақстан нарығында 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ақтөбедегі жаңа зауытты қоса алғанда, компанияның елімізге салған инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 130 млрд теңгеге жетеді. Жаңа кәсіпорын компанияның Қазақстандағы төртінші өндірістік алаңына айналады. Қазіргі таңда CCI Kazakhstan Алматы облысындағы, Астана мен Шымкенттегі зауыттарын табысты басқарып келеді.

Coca-Cola İçecek туралы

Coca-Cola İçecek (CCI) – Anadolu Group құрамына кіретін халықаралық сусын өндіруші компания. Компания Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзербайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирия елдерінде қызметін жүзеге асырады. CCI The Coca-Cola Company мен Monster Energy Beverage Corporation компанияларының өнімдерін өндірумен, таратумен және сатумен айналысады. Сонымен қатар Anadolu Etap İçecek еншілес компаниясы арқылы жеміс шырыны концентраттарын шығарады.

Компанияда 10 000-нан астам қызметкер еңбек етеді. CCI 12 елдегі 36 құю зауыты мен 3 жеміс өңдеу кәсіпорны арқылы шамамен 600 миллион тұтынушыны қамтитын нарықта жұмыс істейді. Өнім қоржынына газдалған сусындармен қатар шырындар, ауыз су, спорттық және энергетикалық сусындар, салқын шай мен кофе кіреді.

CCI акциялары Ыстанбұл қор биржасында (Borsa Istanbul) «CCOLA.IS» тикерімен саудаланады.

Другие новости

Back to top button