ГлавноеГосорганы

Цифрлық автокредит бойынша бастапқы жарна төмендетілді

Алты ай бұрын автомобильдерді автонесиелеу процесі толығымен цифрлы жүйеге көшті. Сол кезде де шарттар қолайлы болған, бірақ қазіргі шарттар әлдеқайда ыңғайлы және тиімдірек болды. Freedom Bank бастапқы жарнаны 20% -дан 10% -ға дейін төмендетті. Мысалы, 8 млн теңгеге автокөлікті сатып алу кезінде бастапқы жарна бұрын 1,6 млн теңге болса, ал қазір — 800 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, 19% -дан басталып және 25% -дан аспайтын (СЖТМ 20.7% -дан 28.1% -ға дейін) несие бойынша номиналды мөлшерлемені таргеттеу оңтайландырылды.

 

Тұтынушылар үйде не жұмыста отырып-ақ онлайн түрде өтініш беріп, автокөлікке ие бола алады. Осындай мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі — алматылық Тұрар Жұбанов. Ол 1 желтоқсанда таңертең несие рәсімдеп, түсте өз көлігін жұмысына айдап кеткен. Тұрар бір тәулікте көлік алудың жолын Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Тұрар алдын ала өзіне қажетті көлікті желіден іздеп тауып, сәрсенбі күні таңғы 9-да үйінде отырып, Freedom Bank-ке өтініш тастап, сағат 11-де барлық құжаттарды толтырып, жұмысына өз көлігімен барған.

«Бастапқыда сатушы барлығының онлайн болатынына таңғалып, сенім білдірмеді. Мен оған бәрі заңды екенін дәлелдеп, сатып алу шарттарын түсіндіргеннен кейін көлікті сатуға келісті», — дейді  Тұрар.

Автокөлікті несиеге онлайн рәсімдеу үшін алдымен көлікті тауып алып, Freedom Bank ресми сайтынан несиенің қолайлы шарттарын калькулятор арқылы есептеп аласыз. Өтінім беріп, жүйе сізді анықтауы үшін ЖСН теріп, биометриядан өту керек болады. Бұл – бірнеше секундқа ғана созылатын жұмыс.

«Видео тексерістен өткеннен кейін сатушымен кездесіп, көлікті жан-жағынан суретке түсіріп, оның VIN-кодын қоса жібергеннен кейін банк өзі базадан тексеріп, жол-көлік оқиғасына түскен бе, техникалық жағдайы қалай екенін анықтап, бірнеше минут ішінде көлікті бағалап береді», — дейді кейіпкеріміз.

Оның сөзінше, осыдан кейін автокөлік тіркеуден шығарылады және есепке қойылады. Осы процесстен кейін барлық құжаттарға онлайн қол қойып, биометрия көмегімен қолтаңбаңызды растап, көлігіңізді мініп кете бересіз.

«Банк бөлімшесіне барудың мүлдем қажеті жоқ. Егер сатушы ақшаны қолма-қол кассадан алғысы келсе ғана банкке баруы керек. Әйтпесе өз картасына аударып ала салса да болады. Мен ол кісі банкке барып-бармайтынын, сұрамадым. Өзім 2018 жылы зауыттан шыққан Nissan X-Trail көлігіме мініп, жұмысыма кеттім», — дейді ол.

Тұрар Freedom Finance банкке келмес бұрын нарықты ұзақ бақылап, басқа банктердің шарттарымен салыстырып шыққан.

«Басқа банктердің де ұсыныстары мен шарттарын қарап шықтым. Олардың бастапқы жарнасы 20% -дан басталады және несие бойынша пайыз жоғары болды. Бірме-бір қайтаруыңа тура келеді. Зейнетақы жарнасы мен табысың туралы анықтама керек. Яғни міндетті түрде банктің бөлімшесіне баруыңа тура келеді. Ал оған, шынымды айтсам, уақыт жоқ», — дейді Тұрар.

Осы бағдарлама бойынша Hyundai маркалі автокөлігін сатып алған Алмаз Құрманғожин де көлік алмас бұрын бірнеше банктің шарттарын салыстырып көрген.

«Бірінші кезекте, маған ыңғайлы болғаны несие алудың жолдары туралы консультацияны сайтта онлайн ала беруге болады. Яғни банкке барудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, Freedom Bank-те бұл көлікке жылдық мөлшерлеме небәрі 20.7% шықты. Маған бұл процестің ішіндегі ең қиыны көлікті табу болды. Қолайлы көлікті іздеуге 2 ай уақытым кетсе, ал несиеге жасатып, құжаттарын рәсімдеуге бір күн ғана кетті», — дейді ол.

Алмаз көлік сатып алып қана қоймай, оны тиімді алудың жолдарын насихаттап та үлгерген.

«Маған көлікті сатқан кісі жаңа көлік аламын деп айтып жүрген. Менің осы автонесие процесінен қалай жеңіл өткенімді аңғарған болуы керек. Бір аптадан соң осы бағдарламамен жаңа көлік сатып алды. Сол оқиғаны естігеннен кейін кез келген адам өз көлігіне оп-оңай қолжеткізе алатынын ұқтым», — дейді Алмаз.

Айта кету керек, 50 миллионға дейін автонесие алып, оны 1 жылдан 7 жылға дейін бөліп төлеуді таңдай аласыз.

22.10.2022 берілген № 1.2.107/42 ҚНРДА лицензиясы бар.

Другие новости

Back to top button