Ғылым және техника

Canon компаниясы RF 28-70mm F2.8 IS STM — ықшам әрі жеңіл, жарық күші жоғары зум-объективін нарыққа шығару арқылы жаңа шығармашылық мүмкіндіктер ашады

Бүгін Canon Europe компаниясы апертурасы тұрақты (фокус қашықтығы өзгерсе де, диафрагма барынша кең қалпында өзгеріссіз қалатын) RF 28-70mm F2.8 IS STM зум-объективі нарыққа шығатынын жариялады, аталмыш өнім шығармашылық әлеуетін барынша жан-жақты ашқысы келетін, кез келген жерге алып жүру мүмкіндігін жоғалтпай, жоғары сапалы кескіндер түсіргісі келетіндер үшін тамаша таңдау болатындай етіп жасалған. Жаңа жеңіл объектив —құрал-саймандарын жаңартқысы келетін фотографтар үшін керемет қадам, себебі, шығармашылық мүмкіндіктерінің шекараларын кеңейтуге, сондай-ақ сторителлинг (әңгімелеу — ақпаратты қызықты оқиға форматында ұсыну) дағдыларын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Портрет түсіруден бастап көшеде, сонымен қатар саяхат барысында түсірілім жүргізуге дейін алуан түрлі сценарийлер үшін арнайы жасалған RF 28-70mm F2.8 IS STM пайдаланушыларға кез келген жарықта әдемі бұлыңғыр фонмен креативті портреттер жасауға мүмкіндік береді. Жылдам f/2.8 бекітілген диафрагма жарық аз кезде түсіру үшін аса қолайлы, «көк сағаттың» (күн батқаннан кейінгі және таң атқанға дейінгі уақыттың) бірте-бірте ғайып болатын жарығынан бастап бөлме ішіндегі күңгірт көріністерге дейін барлығын айна-қатесіз түсіріп алады. RF 28-70mm F2.8 IS STM объективі EOS R жүйесінің үлкен диаметрлі бекітпе және Canon-ның атақты оптикалық технологиялары сияқты кең ауқымды артықшылықтарын пайдалана отырып, кескіннің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Әдейілеп барынша сенімді етіп жасалған, әсіресе қиын жағдайларда ауа-райының әсеріне төзімді объектив кескінді 5,5 стопқа (деңгейге)1 дейін оптикалық тұрақтандырудың арқасында әлдеқайда қиын әрі сұрапыл шытырман оқиғаларға төтеп бере алады.

Бүктелген күйде үзындығы небәрі 92,2 мм, ал салмағы 490 г болатын осы су жаңа объектив өз санатында ең жеңіл объективтердің бірі болып табылады. Алдыңғы объективтермен салыстырғанда салмағы айтарлықтай аз болғандықтан, кез келген креативті сторителлинг маманының құрал-саймандарының арасынан тұрақты орын алуға әбден лайық. Пайдаланушыларға әр сәтке мейлінше терең шомуға мүмкіндік беретін қасиеті бар RF 28-70mm F2.8 IS STM әмбебап басқару /фокус сақинасының көмегімен ысырма жылдамдығын, диафрагманы немесе ISO (камераның жарыққа сезімталдығын) жылдам реттеуді ұсынады.

Canon ұсынатын кез келген ықшам толық кадрлы EOS R камераларымен, айталық, EOS R8 камерасымен бірге қолданған кезде мұндай объектив жеңіл, жолда алып жүргенге ыңғайлы, жарық аз болғанда жоғары тиімділікпен түсіруге, ал күнделікті өмір сәттерін керемет айқындықпен және тереңдікпен түсіруге қауқарлы.

Осы объектив туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: https://www.canon-kz.com/lenses/rf-28-70mm-f2-8-is-stm/

1 CIPA 2024 стандартына сәйкес өлшенген. EOS R8 пайдаланған кезде: 70 мм фокустық арақашықтықта ортаға дәлдеу 5,5 стоп (жорту/тангаж бағыттарында). EOS R1 пайдаланған кезде: 70 мм фокустық арақашықтықта In Body IS x Optical IS көмегімен үйлестірілген басқару кескінді 7,5 стоп (ортасында) және 7,0 стоп (бұрыштарда) деңгейінде (жорту/тангаж/қисаю бағыттарында) тұрақтандыру әсерін береді.

 

 

               Canon Europe туралы

Canon Europe — EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) аймағында кескін өңдеу технологиялары мен қызметтерін жаһандық жеткізуші Canon Inc. компаниясының стратегиялық штаб-пәтері. Canon Europe шамамен 120 елде жұмыс істейді, қызметкерлерінің саны 12 850 адамға жуық, жыл сайын Canon компаниясының әлемдік кірісінің шамамен төрттен бірін табады.

 

1937 жылы негізі қаланған Canon компаниясының үздіксіз инновацияларға деген ұмтылысы 80 жылдан астам тарихында кескін өңдеу сапасын биік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Компания қажет салаларға инвестиция салу, камералардан бастап коммерциялық принтерлерге дейін, өнеркәсіптік жабдықтан бастап денсаулық сақтау технологияларына дейін өсу мүмкіндіктерін пайдалану міндеттемесін мойнына алды.

 

Canon корпоративтік философиясы — Kyosei — «Ортақ игілік үшін бірге өмір сүріп, жұмыс істеу». EMEA аймағында Canon Europe Canon өнімдері, шешімдері мен қызметтері арқылы өзінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға және клиенттеріне қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуда қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөле отырып, бизнесті тұрақты дамытуға ұмтылады.

 

Canon баршаның игілігі үшін кескін өңдеу әлемін үнемі ой елегінен өткізіп отырады. Өзінің технологияларының және инновациялық рухының арқасында мүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, әлемімізді бұрын-соңды көрмеген қырларынан көруге көмектеседі.

 

Canon Europe туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: www.canon-europe.com.

 

Другие новости

Back to top button