Canon бірінші кезекте бейнетүсірілімге арналған үш қуатты өнімді шығару арқылы контент жасаушылар үшін жаңа стандарт белгілейді

Бүгін Canon контент жасаушыларға (креаторларға) түсірілім тәжірибесін жаңа деңгейге көтеру үшін арнайы жасалған үш керемет жаңа өнімді нарыққа шығарады.
PowerShot V1 — абажадай құрылғыларсыз тиімді түсірілім жүргізуді қалайтын влогерлер мен креаторларға арналған, ішіне аса кең бұрышты объектив орнатылған, қалтаға сыйып кететін камера. EOS R50 V — шығармашылық әлеуетті ашу үшін кеңейтілген кинотүсірілім жүргізу мүмкіндіктері, ауыстырмалы объективтері бар камера. Әрі онымен бірге жүретін әмбебап RF-S 14-30mm F4-6.3 IS STM PZ объективі — жатық, кәсіби болып көрінетін кадрлар түсіретін, ішкі электрожетекті зумы бар Canon компаниясының алғашқы RF объективі. Әр өнім ықшам, функционалды дизайнда жоғары сапалы кадрлар түсіру үшін креаторлар —влогерлер мен стримерлерден бастап деректі фильм жасаушылар мен әлеуметтік желілердегі инфлюенсерлерге дейін арнайы жасалған.
Қарсы алыңыз, PowerShot V1: үнемі қимыл-қозғалыста болатын креаторларға арналған ықшам камера
Қуатты, қалтаға сыйып кететін PowerShot V1 — фильм түсіруге арналған, түйсік деңгейінде түсінікті функциялары бар ықшам 4K камера. Камераны кез келген жерге алып жүруді қалайтын креаторлар үшін аса қолайлы, ішіне оңай селфи жасауға арналған аса кең бұрышты объектив және түрлі нысандарды өзара оңай ажырата алатын үлкен датчик орнатылған, ал жоғары сапалы аудиожүйесі саф таза дыбыс береді. Ол сондай-ақ қозғалмай, дірілсіз түсіру үшін интеллектуалды автофокус пен озық тұрақтандыру технологиясын ұсынады — жүріп бара жатып влог түсіруге өте ыңғайлы. Интуитивті басқару үшін иілу бұрышы ауысып тұратын сенсорлық экраны бар PowerShot V1 ауыр әрі ебедейсіз құрылғыларсыз-ақ тиімді контент түсіруді қалайтын креаторларға таптырмас серік болады — нағыз қуат пен қарапайымдылық тепе-теңдігі.
Скроллингті кілт тоқтата алатын сапа
Кеңейтілген түсіру мүмкіндіктерін қажет ететін влогерлер немесе стримерлер үшін PowerShot V1 ұзағырақ жазу сеанстары үшін белсенді салқындату жүйесінің арқасында кеңейтілген 4K жазуды қамтамасыз етеді. Жоғары ажыратымдылықтағы қимыл-қозғалысты түсіру үшін 4K 60p1, ал бірқалыпты баяу түсірілм үшін Full HD 120p қолдайды.. Осы камерада сонымен қатар Canon компаниясының интеллектуалды автофокус жүйесі бар: Dual Pixel CMOS AF II. Креаторларға кадрда өзін және қозғалатын нысандарды дәл қадағалап отыруға мүмкіндік береді, тіпті адам көп жерде де көп күш жұмсауды қажет етпей, анық фокусты сақтайды. Үлкен 1,4 дюймдік датчик жарық аз кезде өнімділікті жақсартады, ал ішіне орнатылған 16-50 мм f/2.8-4.5 объектив кең бұрышты селфиден бастап егжей-тегжейлі жақыннан түсіруге дейін әмбебап зум ауқымын қамтамасыз етеді.
Ықшам және қарапайым
PowerShot V1 салмағы небәрі 374 г құрайды, қалтаға оп-оңай сыйып кетеді — жүріп келе жатып контент түсіруге өте ыңғайлы. Жоғары сапалы влогтар мен саяхаттар туралы контентке артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыра отырып, камера қол режимінде бірқалыпты жазуды қамтамасыз ететін Кескінді оптикалық тұрақтандыру2 функциясымен жабдықталған. Сондай-ақ PowerShot V1 камерасында шуды басу функциясы бар кірістірілген микрофон да бар, ол тіпті адам тым көп жерде де таза дыбысты қамтамасыз етеді. Сапаны арттыру үшін креаторлар құлаққап ұяшығы арқылы сыртқы микрофонды қосып, нақты уақытта дыбыс деңгейін бақылап отыра алады. PowerShot V1 контент жасау үдерісін, әсіресе жалғыз адам түсіретін кезде жеңілдетуге арналған. Оның иілу бұрышы ауысып тұратын экраны кадрларды реттеуді жеңілдетеді немесе пайдаланушылар қолсыз түсіру үшін Bluetooth қашықтан басқару құралын қоса алады. Оған қоса файлдарды жылдам тасымалдау үшін Wi-Fi және USB арқылы қосыла алады.
Негізгі PowerShot V1 сипаттамалары:
- Қалтаға сыйып кетеді, жеңіл, салмағы 374 г
- Ішіне 16-50 мм f/2.8-4.5 объектив орнатылған
- Үлкен 1,4 дюймдік сенсор
- Бейне 4K 60p1
- Full HD 120p
- Dual Pixel CMOS AF II
- Кескінді 5 қадамға дейін оптикалық тұрақтандыру2
- Movie digital IS
- Canon Log 3
EOS R50 V ұсынамыз: креативті түсірілімге арналған ауыстырылмалы объективі бар камера
Контентін жаңа деңгейге көтергісі келетін креаторлар үшін EOS R50 V камерасы Canon Log 3, пайдаланушылардың түс профильдері және интеллектуалды автофокус сияқты мықты кинотүсірілім жүргізу функцияларынық арқасында ауыстырмалы объективтер сыйлайтын еркіндікті ұсынады. Түсірілген материалдың сырт көрінісі мен мазмұнын жақсырақ қадағалауды қалайтын креаторларға арналған EOS R50 V камерасы сюжеттерін кемеліне жеткізіп, брендін дамытқысы келетін өршіл креаторлар үшін аса дикреттелген 4K бейне және дыбысты кәсіби деңгейде басқару мүмкіндігін ұсынады. Арнайы тік штатив бекіткіші және маңызды сәттерді көрсетіп тұратын маркерлері бар EOS R50 V камерасы тікелей трансляция мен влогтардан бастап кинематографиялық жобалар мен әлеуметтік желілерге арналған контентке дейін кез келген платформада мінсіз композиция жасау үшін алуан түрлі түсіру сценарийлеріне бейімделе алады.
Жасампаз болу үшін жасалған
EOS R50 V креаторларға саяхат влогтары үшін кинематографиялық пейзаждарды түсіру болсын, демонстрациялар немесе үйретуші бейнеконтент үшін күрделі ірі пландарды түсіру болсын, өз пайымына сай объектив табуға мүмкіндік береді. Креаторлар қосымша кинематографиялық әсер қосу үшін кескін стильдері, түс сүзгілері, баяу және жылдам түсірілім режимдері арқылы кадрды қалауынша өзгерте алады. EOS R50 V жетілдірілген 24 МП датчигімен және Canon компаниясының интеллектуалды Dual Pixel CMOS AF II автофокусымен жоғары сапалы кадрлар түсіреді. Қосымша егжей-тегжейлілікті қамтамасыз ету үшін 4k 60p1 сапасында және 6K қайта дискреттеумен 4k 30p сапасында жазады. Шығармашылық процесті жақсырақ қадағалау үшін Canon Log 3 пост-өңдеу сатысында түстерді нақты түзетуге мүмкіндік береді, ал төрт арналы дыбыс креаторларға сұхбаттар, подкасттар немесе бірнеше микрофон болатын сценарийлер үшін бірнеше дыбыс көздерін қармауға мүмкіндік береді.
Жалғыз түсіру оңайырақ бола түсті
Жалғыз түсіру қиын болуы мүмкін, бірақ EOS R50 V камерасымен іс жеңілдей түседі. Ол баптауларды оңай реттеу үшін иілу бұрышы ауысып тұратын сенсорлық экранмен және түсіруді жылдам бастау үшін алдыңғы жақта орналасқан жазу түймешігімен жабдықталған. Оны сонымен қатар RF-S 14-30mm F4-6.3 IS STM PZ объективімен (төменде) жұптастыруға болады, аталмыш объективке фокустық қашықтыққа бірқалыпты ауысу үшін камераның зум тұтқасы арқылы басқарылатын ішкі электрожетекті зум орнатылған. EOS R50 V сонымен қатар Wi-Fi, Bluetooth немесе USB арқылы смартфондар мен компьютерлерге жылдам өңдеуге немесе жариялауға дайын контентті жылдам тасымалдауды ұсынады. Одан да ыңғайлырақ болу үшін арнайы LIVE түймесі тікелей трансляция баптаулары жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді. EOS R50 V бірнеше камерадан макеті теңшелетін материалды ұялы құрылғыдан ағын-ағынмен тасымалдау үшін және YouTube немесе Facebook-ке ұялы құрылғыдан тікелей ағынмен тасымалдау үшін Canon Live Switcher ұялы қолданбасымен үйлесімді.
Негізгі EOS R50 V сипаттамалары:
- Ауыстырмалы RF объективтері
- 24MP APS-C датчигі
- 4K 60p1
- 4K 30p, қайта дискреттеумен 6K
- Full HD 120p
- Canon Log 3
- Dual Pixel CMOS Auto Focus
RF-S 14-30mm F4-6.3 IS STM PZ: ішкі электрожетекті зумы бар аса кең бұрышты ықшам объектив
Влог болсын, тікелей трансляция болсын немесе кинематографиялық бейнероликтер болсын, RF-S 14-30mm F4-6.3 IS STM PZ контентіңізді жаңа деңгейге көтеруге арналған. Ол фокустық қашықтыққа бірқалыпты өту үшін ішкі электрожетекті зуммен және дірілсіз түсіру үшін кеңейтілген тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған. Дыбыссыз автофокуспен бірге осы аса кең, суырмалы емес объектив бейнетүсірілім үшін икемді және ықшам объектив іздейтін креаторлар үшін аса қолайлы. EOS R50 V құрылғысымен бірге зум электрожетегін камераның зум тетігі арқылы басқаруға болады, бірақ сонымен бірге барлық EOS R жүйесінің камераларымен үйлесімді.
Бірқалыпты, тұрақты және аса кең
RF-S 14-30mm F4-6.3 IS STM PZ — екі сатылы айнымалы жылдамдықпен және 15 реттелмелі деңгеймен фокустық қашықтыққа дәл, басқарылатын мәнерде ауысуды қамтамасыз ететін ішкі электрожетекті зумы бар Canon компаниясының алғашқы RF объективі. Кескінді оптикалық тұрақтандыру2 тіпті жүріп келе жатқанда да дірілді болдырмайды, ал UD және асфералық линзалар, сонымен қоса Super Spectra жабыны ерекше айқындықты қамтамасыз етеді. Креаторлар әмбебап 14–30 мм зум көмегімен аса кең бұрышты және ірі план арасында оңай ауыса алады. Оған қоса 15 см құрайтын ең қысқа фокустық қашықтық күрделі бөлшектерді — қолөнер бұйымдарын, коллекциялық заттарды немесе өнімдердің ірі пландарын түсіруді жеңілдетеді. Мұның бәрі AF және IS көрсеткіштерін кездейсоқ өзгертіп алмау үшін ешбір ауыстырып қосқыштары жоқ корпустың баптауларды жылдам реттеуге арналған біріктірілген басқару және фокус сақинасы бар кербез әрі қарапайым дизайнында тоғысқан.
Дыбыссыз және ықшам
Дыбыссыз STM автофокусы шуды барынша азайта отырып, бірқалыпты бақылауды қамтамасыз етеді — влог жүргізуге аса ыңғайлы. RF-S 14-30mm F4-6.3 IS STM PZ сонымен қатар жеңіл және ықшам — салмағы небәрі 181 г, суырмалы емес. Яғни зум кезінде штативтерде және аспаларда тұрақты күйде қалады дегенді білдіреді, тікелей трансляция жүргізуге өте ыңғайлы. Сондай-ақ зумды смартфон немесе Bluetooth қашықтан басқару құралы арқылы қашықтан басқара аласыз және жарықты шығармашылық тұрғыдан басқару үшін 58 мм сүзгілерді қоса аласыз.
Негізгі RF-S 14-30mm F4-6.3 IS STM PZ сипаттамалары:
- Зум диапазоны 14-30 мм (22-48 мм толық кадрлы объектив баламасы)
- Қашықтан басқару пульті бар ішкі электрожетекті зум
- Кескінді 5 қадамға дейін оптикалық тұрақтандыру2
- Біріктірілген басқару және фокус сақинасы
- Ықшам, суырмалы емес
- STM автофокусы
- 4 UD элементі
Креаторларға арналған. Шығармашылық үшін жасалған
Осы өнімдерді нарыққа шығару әр деңгейде креаторлардың мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайы құралдарды ұсына отырып, Canon компаниясының бірінші кезекте бейнетүсірілімге арналған топтамасының айтарлықтай кеңейетінін білдіреді. Қазіргі PowerShot V10 — жаңадан бастаған влогерлерге арналған 4K қалта камерасын — толықтыра келе, кеңейтілген топтама креаторларға өз пайымы мен қажеттіліктеріне барынша сай құралды таңдау еркіндігін береді. Canon влогерлер, кинорежиссерлер мен стримерлер үшін мүмкіндіктер түсінігін өзгертеді, олардың идеяларын шындыққа айналдыруға көмектеседі — әрі аса жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.
Сілтемелер:
1 4K 60p түсіру режимінде көлденең аумақтың 64% дейін қиылады
2 CIPA/CIPA-2024 стандарттарына сәйкес сыналған (арнайы камераны пайдаланып, ең үлкен фокустық қашықтықта жорту/тангаж бағыттарында)