Госорганы

Былтыр қазақстандықтар жетімдер үйіндегі 21 мыңнан астам баланың үш мыңын асырап алған

Былтыр Қазақстанда 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапқан. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім 17 660 бала өз еліміздегі отбасыларда тәрбие алып жатқан көрінеді.

«2024 жылы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты. 2025 жылдан бастап елімізде жетімдерді асыру бойынша кәсіби қабылдаушы отбасылар енеді», — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың соңында Қазақстанда жетім балалардың саны 21 мың сәбиден асқан. 

Другие новости

Back to top button