Восточно-Казахстанская область

«Бұталардан ұстап үлгерген»: Ертіс өзенінде ағын алып кеткен ер адам құтқарылды

Құтқарушылар ер адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды

Өскемен қаласында Ертіс өзенінде ағын алып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі «Восточник-3» саяжай қоғамдастығы аумағындағы Ертіс өзенінде адамды ағын алып кеткенін байқап қалған куәгерлер бірден құтқарушыларға хабар берді. Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен шықты.

«Ер адам судан қолын шығарып, бұталардан ұстап үлгеріп қалған. Құтқарушылар сол жерге шұғыл түрде жетіп, 36 жастағы азаматты алып шықты. Содан кейін құтқару станциясына жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», — делінген ақпаратта.

Другие новости

Back to top button