Госорганы
Бұрынғы әділет министріне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг өтіп, онда бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті.
«Бұрынғы министр Бекетаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемдегі ұрлық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді», — деді ол сәрсенбіде.
Айта кетейік, 2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның бұрынғы әділет министрін қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын. Содан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсталған адамның Марат Бекетаев екені туралы ақпаратты растады. Бұрынғы министр қамауға алынды.