Социум

Бұрқасын, тұман, жел: 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райын болжаушылар бірқатар өңірде бұрқасын болатынын ескертті

Қазгидромет синоптиктері сенбі күнінен арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайдыAzattyq Ruhy.

10 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Күндіз тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Жалаңашкөл аймағында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 10 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.

Другие новости

Back to top button